Құжат

Пайдаланушы келісімі

Осы құжат 2025 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.

Бекітілген: «UstazPro» ЖК

Пайдаланушы келісімі

Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі — «Келісім») «UstazPro» жеке кәсіпкері (бұдан әрі — «Орындаушы») мен https://ustazpro.kz веб-сайтын пайдаланатын кез келген жеке тұлға (бұдан әрі — «Пайдаланушы») арасындағы қатынастарды реттейді.

1. Жалпы ережелер

1.1. Платформаны пайдалану Пайдаланушының осы Келісім шарттарын толық және сөзсіз қабылдағанын білдіреді.

1.2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес жария оферта болып табылады.

1.3. Келісім шарттарымен келіспеген жағдайда, Пайдаланушы платформаны пайдалануды тоқтатуы тиіс.

2. Қызмет сипаттамасы

2.1. UstazGo платформасы емтихандарға (ҰБТ, НЗМ, БИЛ, магистратура және өзге де) дайындалуға арналған онлайн тесттер мен оқу материалдарына қолжетімділік ұсынады.

2.2. Қызметтер Пайдаланушының жеке кабинеті арқылы электрондық форматта ұсынылады.

2.3. Платформа ақпараттық-оқыту сипатында ұсынылады және тест тапсырмаларының ресми емтихан материалдарымен толық сәйкес келуіне кепілдік берілмейді.

3. Тіркелу және есептік жазба

3.1. Платформа мүмкіндіктерін пайдалану үшін Пайдаланушы тіркеліп, шынайы және толық деректерді көрсетуге міндетті.

3.2. Есептік жазбаның (логин мен құпия сөздің) құпиялылығы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік Пайдаланушыға жүктеледі.

3.3. Есептік жазбаны үшінші тұлғаларға беруге жол берілмейді.

4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

Пайдаланушы міндетті:

  • платформаның қалыпты жұмысын бұзатын әрекеттер жасамауға;
  • платформадағы материалдарды рұқсатсыз көшіруге, таратуға немесе пайдалануға жол бермеуге;
  • қызметті заңға қайшы мақсаттарда пайдаланбауға.

Орындаушы міндетті:

  • төленген қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
  • платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, техникалық қолдау көрсетуге;
  • жеке деректерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңдеуге және қорғауға.

5. Жауапкершілік

5.1. Орындаушы Пайдаланушының емтихан нәтижелері немесе өзге де оқу жетістіктері үшін жауапты болмайды.

5.2. Платформадағы материалдардың нақты емтихан тапсырмаларымен сәйкестігі кездейсоқ сипатқа ие.

5.3. Платформа «сол қалпында» ұсынылады және Пайдаланушының нақты нәтижелерге қол жеткізуіне кепілдік бермейді.

6. Жеке деректер

6.1. Пайдаланушы өз жеке деректерін өңдеуге келісім береді. Жеке деректерді өңдеу тәртібі Құпиялық саясатында айқындалған.

7. Келісімге өзгерістер енгізу

7.1. Орындаушы осы Келісімге кез келген уақытта біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы.

7.2. Жаңартылған редакция платформада жарияланған сәттен бастап күшіне енеді, егер өзгеше тәртіп белгіленбесе.

8. Байланыс деректері

«UstazPro» ЖК

Email: support@ustazpro.kz

Телефон: +7 777 251 2026